Өлең, жыр, ақындар

Тұңғышбай

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 539
Бұл ғұмырда не көрмеген Тұңғышбай,
Мәңгілікке көнермеген Тұңғышбай.
Арыстанға арыстанша ақырып,
Өсіп өнген өнерменен Тұңғышбай.
Жолбарыспен алысатын Тұңғышбай,
Болашақпен табысатын Тұңғышбай.
Пәк ниетін арнап келді тойыңа
Өзіңізге таныс ақын, Тұңғышбай.
Сіздей жанның өресі – арман, Тұңғышбай,
Көне Тараз бере салған Тұңғышбай.
Ақ жаңбырдай өзім деген адамға
Бар пейілін төге салған Тұңғышбай.
Қазақ деген байтағыммен, Тұңғышбай,
Отырар боп қайта келген Тұңғышбай.
Ұлтымыздың бар мұңы мен арманын
Абылай боп айта білген Тұңғышбай.
Жалғыз өзі бір театр Тұңғышбай,
Бар мінезі шын театр Тұңғышбай.
Құнанбайдың бекзаттығын сіңірген
Өзегіме нұр құятын Тұңғышбай.
Артылмаған сенен, менен Тұңғышбай,
Әнге ғашық «өлермен ең», Тұңғышбай.
Бар тұлғаңды сиғыза алмас ішіне
Қасиетті өлең деген, Тұңғышбай.
Қыдыр дарып, Бақ қараған Тұңғышбай,
Ақ жүректі аппақ ағам, Тұңғышбай.
Кенге толы
Кенен атам тәрізді,
Өлең десе тоқтамаған Тұңғышбай.
Бәз біреуді даттамаған Тұңғышбай,
Дарынсызды жақтамаған Тұңғышбай.
Мен секілді інілерге пана боп,
Хақ жолынан аттамаған Тұңғышбай.
Қазақ та – сен, далам да – сен, Тұңғышбай,
Ғажап та – сен, ғалам да – сен, Тұңғышбай.
Саған қарап таң қалам да жүремін,
Шайқалмаған Толам да сен –Тұңғышбай!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жынды қылған бұл өлең

  • 0
  • 0

Жынды қылған бұл өлең
Төгіліп кетсе қайтеді.
Кеуде тұсым қақырап
Сөгіліп кетсе қайтеді.

Толық

Бір күн келсе ұрыссыз құр кетпеді

  • 0
  • 0

Бір күн келсе ұрыссыз құр кетпеді,
Қарғысынан жүрегім дірдектеді.
Міндет етіп төбемді ояр ма екен,
Қорлығы асқан ененің міндеттері.

Толық

Топшысы опырылып қаршығамның

  • 0
  • 0

Топшысы опырылып қаршығамның,
Жанымды жастайымнан жаншыған мұң.
Содан да болар бәлкім мен өзгеше,
Сен түсінбес тұңғиық жан шығармын.

Толық

Қарап көріңіз