Өлең, жыр, ақындар

Жәлменде би пышаным

  • admin
  • 03.09.2024
  • 0
  • 0
  • 278
Халқым-ай, қау ормандай қарапайым,
Көктеткен бәйтерек те, дара қайың.
Қағатын қыранды да топшысынан.
Қалады қашан ғана солақайың.

Ақылға шақырумен аз-кем елін,
Абай да шалдықты ғой, өзгермедің.
Жүрсе де жеті өнерді қатар ұстап,
Жақпапты Пышаны да Жәлменденің.

Қайырмасы:
Парасатқа бойлаған.
Елдің қамын ойлаған.
Жақсылығы көп аңыз,
Жәлменде би бабамыз.
Қайталап бұлбұл құс әнін,
Асыл да туған Пышаның,
Айтуға жетпес бағамыз,
Арманда кеткен данамыз,
Іздесек қайдан табамыз.

Киесін іздеп ғайып, бар ғарыштан,
Көгінде Жетісудың сұңкар ұшқан.
Кезінде сол сұңқардай Жәлменде би,
Қақ жарып қара қылды сұлтан шыққан.
Жанынан жыр-орамал желбіреткен,
Ғашық қып бал әуенге елжіреткен.
Асырып армандарын ғасырларға.
Алды орын Пышаны да әр жүректен.

Қайырмасы

Барады сол бір сырлар тереңденіп,
Ел болдық берекелі кемелденіп.
Тарих та бас игендей бәтуаға,
Тағдырдың тәлкегін де өнер жеңіп.
Жеткендей Жәлмендесі, нақ аңсары,
Нұрланды Бәйшегірдің алау таңы.
Пышанның аққу әні ұшты қалқып,
Бойынан Қараталдың балаусалы.

Қайырмасы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаса Қазақстан

  • 0
  • 0

Жаса Қазақстан
Қиянатты замандардың қайғыларын кешірген,
Қанша қырғын болса-дағы айрылмаған десінен.
Ораз Жұмашев

Толық

Ақиық ақындарға

  • 0
  • 0

Ақиық ақындарға
Қалғымай, қалт жібермей ілкілерін,
Ағытқан өнер десе тілшідерін.
Ораз Жұмашев

Толық

Сен ару

  • 0
  • 0

Сен ару
Балбырап ақ таңдар атқанда,
Балаймын жүзіңе күн көзін.
Ораз Жұмашев

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар