Жарыстардың жұлдызы – Ораз Жұмашев

Бұл бетте «Жарыстардың жұлдызы» атты Ораз Жұмашев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Па, шіркін, сайран өмір сауық құрған,
Паш етіп бар өнерді жарыстырған.
Арқасын қоздыратын ат дүбірі,
Апайтөс азаматым алып тұлғам.

Қайырмасы:
Балуан Шолақ бас дарын,
Қажымұқан мақтаным,
Ермаханым, Бекзатым,
Шет ел, шалғай өңірде,
Сыйынып тек Тәңірге,
Жазған ерлік дастанын.
Әбілсейіт, Аманжол,
Әбдісалан дарам мол,
Санамайын дөп санын.
Аида мен Шолпандай,
Арулар да кем қалмай,
Жалындады жастарым.
Өзтүрік пен ер Дәулет,
Қуаныштар, өр Мәулен,
Алсын асу асқарын,
Жарқырасын аспаным.

Жаралған намыстардан мығымдарым,
Суырылған шаршы топта шымырларым.
Жарыста желбіретіп жеңіс туын,
Жалғаған ғасырларға ғұмырларын.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері