Наурызым - мерекем – Ораз Жұмашев

Бұл бетте «Наурызым - мерекем» атты Ораз Жұмашев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Наурызым Ұлы Күн, Ұлысым,
Көктемнің қызғалдақ гүлісің.
Халқымның түлеткен дәстүрін,
Тірліктің кеңейткен тынысын.

Қайырмасы:

Наурызым жыл басы, берекем,
Ғашықтай күн мен түн тең екен.
Егемен елім де сенімен,
Жалғасып барады берекем.

Өмірге үн қосып өскелең,
Өзіңмен көңілім көктеген.
Көп көже жеті дәм татысып,
Арылам реніш өкпеден.

Қайырмасы

Жарасып бойыңа мың ырым,
Келеді қызырым, қыдырым.
Арманым самғайды құстардай,
Биіктеп мерейім тұғырым.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері