Сен ару – Ораз Жұмашев

Бұл бетте «Сен ару» атты Ораз Жұмашев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Балбырап ақ таңдар атқанда,
Балаймын жүзіңе күн көзін.
Бәйшешек қырларды жапқанда,
Балқимын тербетіп гүл-сезім.

Қайырмасы:
Сен ару айдында аққудай,
Мен ағын айбынды тасқындай.
Әуезді ән салшы,
Аңсаумен қарсы алшы,
Толқыған жүректер тапсын жәй.

Көктемнің қызығы тасқындап,
Кеткендей аулақтап қаяу-мұң.
Сен де бір әніңмен қосшы ырғақ,
Серуендеп жүрейік аяулым.

Қайырмасы

Сыралғы самалдар ессін де,
Өтсінші махаббат қос сыннан.
Үміттің көздері жетсін де,
Болсыншы бір шаттық тосыннан

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері