Өлең, жыр, ақындар

Ақиық ақындарға

  • admin
  • 03.09.2024
  • 0
  • 0
  • 201
Қалғымай, қалт жібермей ілкілерін,
Ағытқан өнер десе тілшідерін.
Шабыттың шалқарына шарықтайтын,
Қазағым қайран менің жыршы елім.
Жетісу, Алтай, Арқа, Атырау деп,
Жасындай жарқылдаған ақын әулет.
Жасаған жырларымен сол мұралар,
Елімнің жан азығы асыл дәулет.

Қайырмасы:
Анадан зерек туатын.
Ақ нұрға жүзін жуатын,
Құйындай шабыт үйіріп,
Кететін төгіп құйылып,
Осындай жандар бұл ақын,
Сермеген кеңге құлашын.
Бірі, тұйғын, лашын,
Тасқындап өткен іркілмей,
Тарих боп кеткен бір күндей,
Бақтыбай, Қалқа, Қуатым.

Сұңқардай сол бабалар сұңғылалар,
Сыр төкті ел ісінен үлгі болар,
Самғатып жүректердің арман құсын,
Сақтаған салтымызбен тілді де олар.
Соларды мәңгі есте тұтармыз-ау,
Солармен шешім тапты, тұсалды дау,
Ханын да, қарасын да бас идірген,
Қаз дауыс Қазыбектер, Бұхар жырау.

Қайырмасы

Аялап, адамдықты, ақ намысты,
Ар үшін ақын жаны отқа түсті.
Апыр-ай, тағдыр неткен қатал еді,
Алдында ақиқаттың оққа да ұшты.
Жойылсын жер бетінен бұл ұяттар,
Толғайын көңіл одан бір күй ақтар,
Жаңғыртсын Жетісуды жырларымен.
Бүгінгі Сара, Қуат, Ілиястар.

Қайырмасы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Майдангерлер

  • 0
  • 0

Майдангерлер
Қара күндер күркіреп астан-кестең,
Қара бұлттар жөңкіле аспан көшкен,
Ораз Жұмашев

Толық

Жәлменде би пышаным

  • 0
  • 0

Жәлменде би пышаным
Халқым-ай, қау ормандай қарапайым,
Көктеткен бәйтерек те, дара қайың.
Ораз Жұмашев

Толық

Жаса Қазақстан

  • 0
  • 0

Жаса Қазақстан
Қиянатты замандардың қайғыларын кешірген,
Қанша қырғын болса-дағы айрылмаған десінен.
Ораз Жұмашев

Толық

Қарап көріңіз