Өлең, жыр, ақындар

«Шоң» серіктігін ашарда

  • 18.04.2015
  • 1
  • 1
  • 6853
«ШОҢ» СЕРІКТІГІ ТУРАЛЫ КӨПКЕ ІСТЕГЕН БАЯНДАМАНЫҢ БАСЫ:

Мынау жол, Шоң баласы, адамдыққа!
Сіздерді бастамайды жамандыққа.
Кел, кіріс, көтеруге мұны тырыс,
Пайда жоқ, құрып қалғыр надандықта!

Кел, кіріс, көтеруге мұны тырыс,
Жұрт үлгі алатындай болсын бір іс!
Әрі аруақ, әрі құдай ырза емес,
Өзіңді өзің жарсаң, тауып кір іс...


БҰЛ БАЯНДАМАНЫҢ АРТЫ МЫНАДАЙ СӨЗБЕН ТЫНАДЫ:

Және де пайда болсын ұлтымызға,
Өрнек, үлгі болайық жұртымызға.
Жиылып үйден үйге мал сойғызып,
Не пайда құр тығудан ұртымызға?

Кіші іні, үлкен аға, осы сөзім
Абайлап, ақыл салып, ойлашы өзің.
Тартсам мен жарты тиын тамағыма,
Ырзамын олда-білдә жоғалт көзім!

Құдайдан сұрағаным бірліктерің,
Бірліксіз түзетілмес тірліктерің.
Оллаһи, өнер емес, анық өлім
Күжірейген бір-біріңе іріліктерің.

Келіспес араңызға салқын қабақ,
Салқын болсаң, әркімге болдың тамақ!
Жел бергенге желіккен жел буазға,
Қанжығалы биеке үлкен сабақ.

Міне біз бір төбеге «Шоң» деп шықтық,
Адам болу планды қолдап шықтық.
«Е, тәңірім, ісімізді жөндей көр!» деп,
Шын көңіл көзімізден жасты сықтық.

Қол қойдың осыны айтып Шоңның жасы,
Оралсын қайырымен істің басы;
Ерікпедік, немесе желікпедік:
Ойладық аз да болса, жұрт пайдасын.



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Ей, махаббат! Ей, достық!

  • 1
  • 3

Ей, махаббат! Ей, достық!
Алдама, сендер жалғансың.
Құр мазақтап, мәз болып,
Бойды аулаққа салғансың!

Толық

Мысал

  • 1
  • 1

Бір жерде бір бас қосқан жиын, топыр,
Ішінде бір бишара көзі соқыр.
Алдар деп көзі бардың соңына ермей,
Жоқ болған жарға құлап байғұс соқыр.

Толық

Қандай басшы

  • 1
  • 1

Қазаққа басшымыз дер шляпалар,
Очки сап, портфель ұстап жүрген жандар.
Істеген он тиындық еңбегі жоқ,
Бос мылжың, даурықпада қанша мән бар?

Толық

Қарап көріңіз