Майдангерлер – Ораз Жұмашев

Бұл бетте «Майдангерлер» атты Ораз Жұмашев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қара күндер күркіреп астан-кестең,
Қара бұлттар жөңкіле аспан көшкен,
Қан майданда шайқасып қалың елім,
Қасіретің қаншама бастан кешкен?!

Қайырмасы:
Арашалап пәк жанды,
Тамашалап ақ таңды,
Жеңісті байлап жалауға,
Айналғандар алауға,
Ойран кездер, ойда сендер,
Майдангерлер қайран ерлер,
Ұшырған арман құстарын,
Мәңгілік биік ұстарым.

Көрмегенге құлақтың бәрі елең,
Кәрі тарих сөйлеші барыңменен
Қаһармандар ерліктің шежіресін,
Қалай ғана жазды екен қаныменен?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері