Алакөл аққуы – Болатбек Солтанов

Бұл бетте «Алакөл аққуы» атты Болатбек Солтанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Аққуы Алакөлдің,
Гәккуі дала – төрдің!
Жәудіреп мөлдір жанар,
Еркімді ала бердің.

Қайырмасы:
Тал бойың – балғын құрақ,
Қолаң шаш – тасқын құлап,
Ақ жүзің, ай сәулелі,
Гүл бағың тым мәуелі
Лебімді естігелі
Әнімді тұр-ау сұрап!

Шалқар көл ақ сұқсыры,
Шалқыған шаттық қылы!
Тербетсін ақ айдында,
Толқыған жастық жыры.

Қайырмасы

Қыздар-ай, қазағымның,
Желегі жаз – арудың!
Жырлармын сені, өткенше
Қызуы базарымның.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері