Қырмызы гүлім менің

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Қандай сен аяулым-ау әдемісің?
Көркіңнің керді жанды әсері шын.
Көрінген ақ жүзіңнен ай сәулесі,
Махаббат таусылмаған әсемісің.

Қайырмасы:
Қырмызы гүлім менің!
Сен маған күлімдедің.
Өмірден түңілмедім
Арылды үнімде мұң,
Бақытым тағдырдағы!
Жан-дүнием ән жырлады.
Өзіңсің шат-думанды
Қызығым алдымдағы!

Қандай сен, аяулым-ау көріктісің?
Ерке елік қандай еді өрік пішін.
Өзіңді жырлап өтем, өліп-талып,
Ғұмырда жеткенінше ерік-күшім!

Қайырмасы

Қандай сен аяулым-ау мөп-мөлдірсің?
Самалы қырдың салқын өпкен гүлсің.
Өзіңе құрбы болып ақ шуақ таң,
Әрдайым жанарыңда көктем жүрсін!

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қырмызы гүлім менің өлеңінің авторы кім?

Болатбек Солтанов — осы өлеңнің авторы.

Қырмызы гүлім менің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қырмызы гүлім менің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Болатбек Солтанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қырмызы гүлім менің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері