Ару қарағым – Болатбек Солтанов

Бұл бетте «Ару қарағым» атты Болатбек Солтанов жазған махаббат туралы өлең берілген.

Жұмбақ күлкілі,
Ұрлар ұйқыны,
Туған жерімнің
Үлпек бір гүлі.

Қайырмасы:
Тәтті бал қылық
Жүрек жандырып,
Қойды-ау ағаңды
Әнге салдырып!

Жүзің нұрланған –
Бейне нұрлы арман.
Үнің – самалдай
Ескен қырлардан.

Қайырмасы

Нәркес жанарың,
Жанға таралып.
Сол бір жылудан,
Ләззат аламын.

Қайырмасы

Ару қарағым,
Ерке маралым!
Көркі өзіңсің
Көркем даланың.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері