Көне дәуір туралы фильмнен соң – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Көне дәуір туралы фильмнен соң» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2532
Көне дәуір қарап тұрды төбемнен
Аспан болып тесіле.
Кеудемді ұрып, мақтанумен келем мен
Ақылдымсып несіне?
Желше соқты, екілене, құйынды
Көп іздеді мәнісін.
Ол да сенше тәңіріне сыйынды
Шыққанынша жаны шын.
Дәуір бүгін... өзгермеген. Ескірген
Қоғам, адам, жар басы.
Әлде жібек көйлегі ме бөстірген?
Ұмытпасын Алласын,
Күн демін.
Жер бетінде жүргенін!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері