Адасып қалдым – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Адасып қалдым» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3246
Адасып қалдым уақыттан
Адасып кетті сезім де.
Жақсылық әкелші, жақұт таң,
Өлеңім ғана өзімде.
Күлсінші қайта көрікті ой.
Кетсінші кірі көңілдің.
Ұйқысыз маған серік түн,
Өмір ме, неге жеңілдім?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері