Адам өмір сүреді – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Адам өмір сүреді» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2586
Күн батады телміріп,
Жел де жөнін айтпайды.
Сезіміңді өлтіріп,
Жанды үгеді жат қайғы.
Сен біреуді іздейсің,
Сыр бөліскің бар шығар.
Күдеріңді үзбейсің
Үміт түбі таусылар.
Күліп бір күн жүрегі,
Көңіліне күй еніп,
Адам өмір сүреді
Жоқ нәрсеге сүйеніп.
Күн батады телміріп,
Жел де жөнін айтпайды.
Сезіміңді өлтіріп,
Жанды үгеді жат қайғы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері