Бұл бетте «Көзім жетті кеткеннің келмесіне» атты Айсұлу Рүстемова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көзім жетті кеткеннің келмесіне.
Бір көруді көкседің сен несіне?
Тамшылар да теңселіп бара жатыр,
Ұшып кете алмай не Жерге сіңе.
Теңіздейін тербелді ой-теңдесі не?
Сенейін бе? Қоймадың сенбесіме.
Төпеп тұрған тағдырдың боранына
Қарсы жүрген кездерім келді есіме.
Жаңбыр кетер-тағатсыз таң да асығар.
Қыраны бар, ғұмырдың қарғасы бар.
Өкініштер кетсінші меніменен,
Қуаныштың болсыншы жалғасы бар...
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі