Көктонды – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Көктонды» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2354
Беркімбай... басына ел шұбаған,
Телғара жаяулап... Пірадар.
Мұхаммед, Түменнің үйі -ол-
Көктонды. Жолаушы, тұра қал.
Қызықты қумаған кемді күн,
Қорғаған елінің елдігін.
Батырлар бейіті, бас игін,
Ғасырлар тоғысы, ей, бүгін!
Дала бұл-жазы аптап, қысы-лаң,
Бұрқақты, суыған, ысыған.
Басыңды бір имей сен өтпе,
Батырлар бейіті тұсынан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері