Алатау тізбектері – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Алатау тізбектері» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1427
Көріп пе ең Алатаудың тізбектерін?
Мәңгілік мызғымаған мұз бөктерін?
Қазақтың жазық жатқан жайлауынан
Әдейі тау жотасын іздеп келдім.
О, шіркін, жердегі өмір өмір ме екен?
Қарасаң шыңға шығып, өмір бөтен.
Көргенде дүниені төбесінен,
Шалқыған дариядай көңіл бөтен.
Қиырсыз байтақ жатқан дала қандай?
Тап қазір аумағы оның алақандай.
Мен тұрмын қомақтанып шың басында,
Ұшатын қияндарға балапандай.
Тұрғандай тұманданып тұндырадан,
Терістік тым алыста бұлдыраған.
Төбеден төңкеріліп тентек Талғар,
Өзендер төмен қарай құлдыраған.
Көтеріп найзаларын сапқа тұрған,
Шыршалар айнымайды сақ батырдан.
Күміс қар шың басында жарқырайды,
Секілді ақ сауытпен қаптатылған.
Тұрғанда тамашалап шың басында,
Тұрғандай боласың тап күн қасында.
Тұр, міне, Талғар шыңы табанымда,
Тәкаппар өр сезім бар тұлғасында.
Аралап шатқалын да, құздарын да,
Өткердім ыстығын да, ызғарын да.
Секілді ойнақ салған бала киік,
Жүгірдім жалтыраған мұздарында.
Тастары қатты батып табаныма,
Аяғым әлденеше қанады да.
Алдымнан сан қиындық кезіксе де,
Тосқауыл бола алмады талабыма.
Тура жол көргенім жоқ шың басына,
Жылжыдым бірде баяу, бірде асыға.
Өмірдің өзі нұсқап жол көрсетті,
Арманның көзі жетіп тынбасына.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алатау тізбектері өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Алатау тізбектері өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алатау тізбектері өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алатау тізбектері өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері