Алматыма қарашы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Алматыма қарашы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2892
Әнін жазған Бейбіт Оралұлы

Жүрсең сен аясында Алматының,
Табасың саясында жанға тыным.
Қайтесің Қаратеңіз, Қырымдарды
Артық жер Алматыдан бар ма күнім?

Қайырмасы:
Қазағымның қаласы,
Алматыға қарашы.
Өркен жайып өрлеген,
Алматыға қарашы.
Алматыға қарашы.

Жастардың жарасымды жан жүрегі,
Жырлайды Алматы деп ән жүрегі.
Тамсанып кереметтей келбетіне,
Жарқ еткен жанарлардан таң күледі.

Қайырмасы.

Ақ басты аймалаған Алатауы,
Ақ үйлер, ақ шағала, ақ отауы.
Алматы әнді қала, сәнді қала,
Алматы қазағымныңбақ отауы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алматыма қарашы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Алматыма қарашы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алматыма қарашы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алматыма қарашы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері