Сәулетті біздің Алматы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сәулетті біздің Алматы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.07.2019
  • 0
  • 2
  • 9070
Қымбатты қаламыз,
Сымбатты қаламыз.
Қызыға қараңыз,
Туған үй санаңыз.
Құлпырған бақтары,
Нұр тұнған ақ таңы,
Сәулетті біздің Алматы.
Қоршаған таулары,
Жайқалған баулары.
Бұлбұлдар шырқаған,
Субүркек бұрқаған.
Алтын күн аспаны,
Жарқын үн жастары,
Сәулетті біздің Алматы.
Біз әлі баламыз,
Өскенде қараңыз:
Сәнді үйлер саламыз,
Ертегі қаламыз,
Кеңейіп көлемі,
Көркейе береді,
Сәулетті біздің Алматы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

Айша

Өлен тамаша екен!!!!

Алинұр

Менің пікірім математика

Осы автордың басқа өлеңдері