Көктөбе – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көктөбе» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.07.2019
  • 0
  • 0
  • 5669
Ғажап-ау Алматының Көктөбесі,
Көктөбе – өмірдің гүл көктемесі.
Көңілді көтеретін көк төсіне,
Еш елдің тап осындай жоқ төбесі.

Қайырмасы:
Көркейтіп гүл қаланы,
Көктөбе нұрланады,
Алатау аясында.
Ән болып жырланады,
Би болып ырғалады,
Шын ләззат аласың да.

Көктөбе Алатаудың бөктерінде,
Ерекше құлпырады көктемінде.
Қияннан көз тартады айшықтана,
Тұрғандай қолын созып көкте күнге.

Қайырмасы.

Мақтаны қазағымның – Көктөбесі,
Басқаның Көктөбедей жоқ төбесі.
Сыйдырған Алматыны аясына,
Жерімнің қасиетті көк белесі.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктөбе өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Көктөбе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктөбе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көктөбе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері