Қасқыр мен түлкі – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қасқыр мен түлкі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1681
Зат болса егер керексіз,
Мырзамыз-ау ерек біз.
Бұл мысалды, демек, біз
Жеткізбекпіз шындықтың бір шетіне.
* * *
Тойып алып Түлкі тауық етіне,
Артылғанын шөп астына бастырып,
Жата кетті шөмелеге бас тығып.
Сүйретілген бір аш Қасқыр көрінді:
«Оу, құдаша, жағдай қиын, – деді оған, –
Сүйек те жоқ қимылдатар ерінді.
Аштық мені қамаған,
Малшы сақ, ит қабаған,
Күтемін тек өлімді».
«Апырай, ә, сенен нені аянам?
Қалауыңша жей бер мына маядан,
Әрқашан да көмегімді беремін».
Ал, құдаға ет еді ғой керегі,
Ол жайында Түлкі еш нәрсе демеді.
Сұр серіні қасқайтты,
Жылы сөзді жақсы айтты,
Қасқыр болса аш қайтты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қасқыр мен түлкі өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қасқыр мен түлкі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қасқыр мен түлкі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қасқыр мен түлкі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері