Актер – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Актер» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 1
  • 4274
Оңай деме актерді,
Әркім әртіс болмайды,
Құбылтумен беттерді.
Жүрек керек, жан керек,
Толғандырар көптерді.
Әуез керек, ән керек,
Жер мен көкті жаңғыртып,
Келтірер қыста көктемді.
Сана керек, ой керек,
Сан тағдырды саралап,
Тірілтетін өткенді.
Шаба алмассың ұзаққа,
Қолтықтап ап әр жерден,
Көшіріп алған дәптерді.
Сахнада жұлдыздай
Жану үшін жарқырап,
Төгу керек бірталай,
Ақ тер менен көк терді!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Райяна

Өлең өме керемен және көркем ❤

Осы автордың басқа өлеңдері