Такси – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Такси» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3853
Ала таңнан асығып жұмысыма,
Шығып едім көшенің бұрышына.
Қасыма кеп бір такси тоқтай қалды,
Міне салдым ырза боп мұнысына.
Жүргізуші сыпайы жігіт балаң,
Сөз тастады кіршіксіз күліп маған:
«Алғаш мінген жолаушым құтты болса,
Сол күн Тәңір жарылқап, дұрыс табам.
Көлдей шалқып көңілім, сол күні мен,
Анау-мынау аңғармай олқыны мен,
Жанымдағы жандармен әзілдесіп,
Аға берем жасыл жол толқынымен.
Алғаш мінген жолаушым алаң болса,
Ренжулі не тұйық адам болса,
Қызыл жанып көлденең көше сайын,
Ол күні мен олжасыз қалам сонша.
Жан екенсіз жайдары, жылы жүзді,
Бірден баурап алдыңыз ініңізді.
Қайда асығып барасыз?
Кім боласыз?
Айтыңызшы, ағатай, шыныңызды».
«Иә, қалқам,
Әр таңның ырысы бар,
Күтіп тұрған әр жанның жұмысы бар.
Кешігуге болмайды уақыттан,
Сәл кешіксең, тірліктің қыры сынар.
Ал, мен өзім – көп жұрттың біреуімін,
Жан біткенге жасылық тілеуі мың.
Арман қуып таксилер аға берсін,
Асыққанға бола біл сүйеу, інім».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Такси өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Такси өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Такси өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Такси өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері