Еркіндік – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Еркіндік» атты Абдрахман Асылбек жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 01.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2454
Келіншегің көркем екен, жігітім,
Көздеріне қадаласың күні-түн.
Көп ішінен кейде біреу сұқтанса,
Қызғанасың үзілердей үмітің.
Текке азапқа салынасың ондайда,
Келіншегің торға түскен торғай ма?
Тамылжыта сайрағанда бұлбұл құс,
Таңдап барып гүл бағына қонбай ма?
Ол да пенде түйсігі бар, сезімі,
Ақыл, талғам, тоқтамы бар, төзімі.
Құлақ түріп, тыңдап көрші бір мезет,
Күмбір қағып тұрған жоқ па өз үні?
Жас отаудың тірлігі үшін алаңдар,
Бір-біріңді адал жар деп санаңдар.
Жаны ізгі жаратылған жарандар,
Бір-біріңе адам болып қараңдар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еркіндік өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Еркіндік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еркіндік өлеңі не туралы?

Бұл шығарма тәуелсіздік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Еркіндік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері