Бөліну – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бөліну» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1302
Осы қазақ неліктен
Бөлінеді жүз-жүз боп.
Кездерінде еріккен
Қырқысады шыж-быж боп.
«Ұлы жүзді қауға қой,
Орта жүзді дауға қой,
Кіші жүзді жауға қой», –
Дегендері сауда ғой.
«Ұлы жүзді етке қой,
Орта жүзді кепке қой,
Кіші жүзді шепке қой», –
Дегендері текке ғой.
Алтау ала болғанда –
Ауыздағың кетеді.
Төртеу түгел болғанда –
Төрге басың жетеді.
Бірақ, солай десек те,
Кейбіреулар құрып жүр.
Іштей алып есепке,
Рушылдық бұрып жүр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері