Жұбату – Нарқұлан Райханұлы

Бұл бетте «Жұбату» атты Нарқұлан Райханұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қатпар-қатпар бұлт көшеді төбемнен,
Том-том болған сөз көшеді көнерген.
Аспан жерді қақ айырса, шындығым,
Құшақ-құшақ өтірікке сенер ме ең?

Қоңыр-қоңыр ой өрбітіп санамнан,
Жақпар-жақпақ құздарыңнан нәр алғам.
Менде бары еркіндік пен құштарлық,
Мен солардан жаралғам.

Ебіл-дебіл ақтарсам да сырымды,
Ағыл-тегіл кім түсінер мұңымды.
Мен кеткен күн ескі жаққа жол алып,
Төгіп-төгіп жіберерсің жырыңды.

Өксіп-өксіп ол жылайды сол күні,
Толқып-толқып көл жылайды сол күні.
Нөпір-нөпір ел жылайды сол күні,
Мөлт-мөлт етіп Сен жылама сол күні.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұбату өлеңінің авторы кім?

Нарқұлан Райханұлы — осы өлеңнің авторы.

Жұбату өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұбату өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нарқұлан Райханұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұбату өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері