Өлі дүние елесі – Нарқұлан Райханұлы

Бұл бетте «Өлі дүние елесі» атты Нарқұлан Райханұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Күзді идірген,
Ақ самал.
Құз күйдірген,
Тым ыстық.
Өлі дүние елесі,
Оранады тыныштық.

Қарашаның жаңбыры,
сіркіресе себепсіз.
Адамзаттың тағдыры,
Құмырысқаға керексіз.
Ал олардың тағдыры,
дерексіз…

Боз сөздер мен
Бос сөздер,
Билеп алған санасын.
Менсінбейді надандар,
Мекендеген есектердің қорасын.

Піл жусаған далада,
Тізесі жоқ адамдар,
Иіледі молаға.
Қалмаған соң заманда ар.

Көз жасына негрдің,
Қалып қойған шыбындай.
Соқпақтары өмірдің,
Мың құлашты бұрымдай.
Жетер ақыр түбіңе,
Тоқым қайғы тұлданған.
Қарағайдың бүріне,
Татымайды бұл жалған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлі дүние елесі өлеңінің авторы кім?

Нарқұлан Райханұлы — осы өлеңнің авторы.

Өлі дүние елесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлі дүние елесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нарқұлан Райханұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өлі дүние елесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері