Сарғайған жапырақ – Нарқұлан Райханұлы

Бұл бетте «Сарғайған жапырақ» атты Нарқұлан Райханұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сарғайған жапырақ сияқты,
құлармыз бір күні.
Шалғайдағы ақымақ секілді,
Жылармыз бір күні.
Жел шайқап бостандық құлатқан туын,
Дәрменсіз қайыңдай
Сұлармыз бір күні…

Бәрі де болады шынымен бір күні,
Тоқтатар ойын мен күлкіні.
Өмір дегенің – сарғайған жапырақ,
Өмір дегенің – өлімнің бір түрі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері