Homo sapiens – Нарқұлан Райханұлы

Бұл бетте «Homo sapiens» атты Нарқұлан Райханұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Арғы атамыз маймыл
Әлде шипанзе,
Мыңжылдықтар солай дейді.
Менің санамның,
Шексіздік көкжиегі оған не дейді?
Әрине,
Қарсы шығуға да болады
Ғалымдар да адам ғой,
Қателесугеде болады.
Жаратылыс заңына бағынбай,
Тұңғиығына батып кеткім келеді санамның.
Арғы атамыз һауа
Әлде homo sapiens
Әлде басқалар,
Жүз мыңжылдықтың қатпарлары солай сөйлейді,
Оған көніп көнбіс болғым келмейді.
Бір білерім,
Шежіремді жеті атамды білемін,
Сол арқылы өзіңді сен тануға да болады,
Сол арқылы ғасырдардың қойнауынан
ақпаратты алуғада болады,
Ғалымдардың білгішсініп ашатын жаңалығын,
Сол арқылы табуғада болады.
Бұғаздар елесі жылымдай сыздықтар,
Томырық тауларды мұжыған жел өті.
Жер бетін жапқан мұздықтар,
Көнеден шертер сарынды тоқтаусыз,
сөгіліп түскенше қол еті.
Елсіз аралға кеткім келеді
Ауырлық етседе өзімнің басымды арқалап,
Менде сол миллионжылдықтан өткім келеді,
Мамонт пен бизонды атып жеп,
Мойынға іліп ап көнсадақ.
Жолыма түсседе қанша дақ.
Көне бір жаққа жеткім келеді,
Ескі бір жаққа кеткім келеді...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Homo sapiens өлеңінің авторы кім?

Нарқұлан Райханұлы — осы өлеңнің авторы.

Homo sapiens өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Homo sapiens өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нарқұлан Райханұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Homo sapiens өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері