Сені көрдім өмірдің ауласында – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Сені көрдім өмірдің ауласында» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 651
Сені көрдім өмірдің ауласында,
Жарқыраған күн тұрды тау басында.
Сұлу бейнең сурет боп дірілдеді
Шыр айналған құдықтың қауғасында.
Жол бойында кезіктің шырақ алып,
Жалыныңнан ысыдым тұра қалып.
Жарқ еттің де, жоқ болдың жай отындай,
Сезім шіркін селт етті бірақ анық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері