Қара жұрт – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Қара жұрт» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1502
Көң иiсiңдi, қара жұрт, сағындым ба,
Алдым қамшы сапталған тобылғыға.
Мұң шағар деп ескi жұрт кiм ойлаған,
Тiл бiтер деп Шектiбай, Шағыл құмға?!
…Құлазимын кеткесiн безiп ұл-қыз,
Жатқан жәй бар, ескi жұрт, төзiп ал бiз.
Таптың ба әлде жерұйық, таппадың ба.
Не iздейсiң сен бүгiн кезiп жалғыз?
…Май топырақ тобықтан кешiп келем,
Андап басам, мен неге сезiктенем?
Тағыланған сезiм ғой, шошып қалдым
Кесiп өткен алдымды кесiрткеден…
Тоқтай қалды, алдымды кесiп өтiп,
Сұрайтындай таң қалып, есi кетiп:
“Көптен берi соқпадың, тойындың ба,
Басқа жердiң дәм-тұзын несiп етiп?”...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері