Мені сонша Тәңірге жақындатты – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Мені сонша Тәңірге жақындатты» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 3316
Ақтар дағы жанымды жайып... түсін...
Толқын – тағдыр сынайды қайық күшін.
Ғайып құсым, сипайын маңдайыңнан
Сипайыншы... сен оған
лайықтысың.
Бар екенсің!
Мен соған шүкір дегем.
Сезімімді қайтейін шүпірлеген?
Мен – сен үшін
Өлеңмін ең әдемі!
Сен – мен үшін
Өмірсің лүпілдеген!
Сен де мендей:
Жіберме! Алып қал! – де.
Сүйкімді боп көрінер ғаріп хал де...
Мен сен үшін – мәңгілік сағынышпын
Сен – мен үшін ең соңғы жарық сәуле!
Зарықтырды. Күттірді. Лапылдатты.
Өкіндірді... Өксітті... Мақұлдатты...
Сизге қарай ұмтылған әр сезімім
Мені сонша Тәңірге жақындатты...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мені сонша Тәңірге жақындатты өлеңінің авторы кім?

Танакөз Толқынқызы — осы өлеңнің авторы.

Мені сонша Тәңірге жақындатты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мені сонша Тәңірге жақындатты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Танакөз Толқынқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мені сонша Тәңірге жақындатты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері