Адасқымыз келгені қалай болды? – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Адасқымыз келгені қалай болды?» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1901
Аяз, әлде, өмір ме? Қауып алды...
Ашық тұрған әлемді жауып алдым.
Құлпы салдым жүрекке тарс бекітіп?
Сонда мені сен қалай тауып алдың?
Қалай кірген жүрекке аңқымаңыз?
Қарашы енді, мен үшін әр күн аңыз.
Бойыңызда бір мін жоқ, қайран қалам,
Мені шексіз сүйесіз – бар күнәңіз...
Қасіреттің білсем де қатты етерін?
Мұңның сонша білмеппін тәтті екенін.
Қайдан келдің адасып, бақыт құсы?
Мен үшін де белгісіз нақ мекенің.
Ернім тиіп көңіліңнің бұлағына,
Шүпірлеген шомылдым шуағыңа.
Басқа жанмын...
Мен сонда қайда кеткем?!
Адам, айтшы, қайтадан туады ма?
Сіз де, біз де еңсердік талай жолды.
Түнек шығар дегенім арай болды...
Әркім өзін іздеп жүр... ал екеуміз...
...адасқымыз келгені қалай болды?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адасқымыз келгені қалай болды? өлеңінің авторы кім?

Танакөз Толқынқызы — осы өлеңнің авторы.

Адасқымыз келгені қалай болды? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адасқымыз келгені қалай болды? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Танакөз Толқынқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адасқымыз келгені қалай болды? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері