Түн жөтеліп, ауырса Күн – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Түн жөтеліп, ауырса Күн» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1340
Түн жөтеліп, ауырса Күн,
Жан жағымнан жабылса мұң,
Сені көріп жадыраймын,
Балапаным, бауырсағым.
Өз бақытын кім жүр аңдап?
Көрмеппін-ау бір жыр арнап.
Құлыным-ау! Құлдығым-ау!
Құнжыңдаған құлдыраңдап.
Әлденені сұрап жатыр,
Қылығында жұмақ жатыр.
Жұпарынан ішіп көрші
Шөл қанбайтын бұлақ жатыр.
...Қалсын қарыз өтелмеген?
Бәрін тастап кетем дегем...
Сені ғана қимайды екем,
Қонжығым-ау, тепеңдеген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түн жөтеліп, ауырса Күн өлеңінің авторы кім?

Танакөз Толқынқызы — осы өлеңнің авторы.

Түн жөтеліп, ауырса Күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түн жөтеліп, ауырса Күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Танакөз Толқынқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түн жөтеліп, ауырса Күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері