Мақсат емес мәңгілікке айналу – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Мақсат емес мәңгілікке айналу» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1856
Мақсат емес мәңгілікке айналу,
Мені бірақ мәжбүр етті өлмеуге.
Мәңгілікке алып келді ойлану,
Оянғанды асықпаңдар жерлеуге.
Не итерді өлмес өмір жолына?
Ұсақ тірлік аласалық етті ме?
Кісен сала алмағандар ойыма,
Жүгіріп жүр мола салып, тек, түге...
Бізді жұлдыз және ғасыр бөліп тұр,
Бір күн мен де жоқ боламын араңнан.
Мәңгілікті мәз болыңдар көріп бір,
Мен құтылам ашкөздік пен араннан.
Мені өлім ала алмады. Ар алды.
Құлыншақпын қос әлемді тел емген.
Мәңгілікпен жалғау үшін арамды
Көпір салдым өлмейтұғын өлеңмен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мақсат емес мәңгілікке айналу өлеңінің авторы кім?

Танакөз Толқынқызы — осы өлеңнің авторы.

Мақсат емес мәңгілікке айналу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мақсат емес мәңгілікке айналу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Танакөз Толқынқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мақсат емес мәңгілікке айналу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері