Өлең, жыр, ақындар

Бір-ақ ғана

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Бір-ақ ғана

Көңілсіз қарсы алумен таң шапағын,
Өзінсіз өткізіп ем қаншама күн.
Сағынғаным соншалық жарығым-ау,
Есіміңді атаудан шаршамадым.

Көз алдымда тәп-тәтті қылықтарың,
Жүрегімді өзіңмен жылытқанмын.
Өзімді ұмытып кетсем де мен,
Сені бірақ ешқашан ұмытпадым.

Айдың нұры көрінер келбетіңнен,
Сендей сұлу таппаспын жер бетінен.
Қолыңды маған қарай созсаң болды,
Махаббатты сыйлаймын тербетілген.

Өмір солай көнесің сынақтарға,
Меннен алыс ұзама, жырақтама.
Жарығым-ау жалғыз сұрайтыным,
Бір мүмкіндік бере ғой бір-ақ қана.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір-ақ ғана өлеңінің авторы кім?

Ғайникамал Сәдуақасова — осы өлеңнің авторы.

Бір-ақ ғана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Бір-ақ ғана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғайникамал Сәдуақасова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір-ақ ғана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.