Елімнің қыздарына

Бұл бетте «Елімнің қыздарына» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.08.2018
  • 0
  • 1
  • 14604
Танадай көзі жайнаған,
Талпына қанат талмаған.
Қуанышты қыздарым
Беті қызыл алмадан.
Алтын кірпік, ай қабақ,
Жамалы жарқын айнадан.
Жүрегі қызыл Кремль
Жұлдызындай ойнаған.
Көкте болса көгінде,
Жерде болса жерінде
Қолға алғанын қопарып
Құлшына жеңбей қоймаған
Алатаудың бақытты
Бұлбұлындай сайраған.
Бақ дарыған Отанның,
Қыздарым жерін жайлаған.
Қартайған Жамбыл атаңның
Қыздарымдай жасарған,
Жыры бар сізге арнаған.
Сол жырды енді айтамын,
Қыздарымды көргенде,
Көрген сайын жасарам
Сендермен бірге жүргенде
Төбем көкке тиеді,
Қуана сіздер күлгенде,
Жамбыл желдей есесін
Көмейден өлең келгенде,
Бірің білгір оқушы,
Бірің кілем тоқушы
Бірің доктор, кейбірің
Далада алтын колхозшы,
Соны көріп қуанад
Тоқсанға Жамбыл жеткенде,
Құлшынбай Жамбыл не қылсын,
Тоқсан жасты бүркіттей
Бүріп тастап жеңгенде.
Көлде жүзген аққудай
Қызымды да есірген,
Шахтының тасын уатқандай
Ұлымды да өсірген,
Жүрегімнен жылжыған
Жырымды да өсірген.
Күннен де нұрлы Сталин;
Осыларды өсірген,
Отан үшін, ел үшін,
Толқыны күміс көл үшін,
Шөбі шүйгін жер үшін,
Отанды күндей күлдірген,
Сталин үшін, ер үшін
Қыздарым гүлдей жайнаңдар,
Еңбекке, іске таймаңдар,
Сендер де бір әскерсіз,
Ел шетіне жау келсе,
Тас-талқанын шығарып,
Жай тасындай қайнаңдар!


Пікірлер (1)

Сейтқали Альмира

Маған қатты ұнады!
Тамаша!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Елімнің қыздарына өлеңінің авторы кім?

Жамбыл Жабаев — осы өлеңнің авторы.

Елімнің қыздарына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Елімнің қыздарына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жамбыл Жабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Елімнің қыздарына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері