Аги, қалқаш, Қазиза-ай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Аги, қалқаш, Қазиза-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.09.2019
  • 0
  • 0
  • 1142
Дайым менің мінгенім мұз көк ала-ай,
Сала алмас осы әнге өзге бала, аги-гай.
Қыл өтпес арамыздан тату едік-ай,
Арадағы айрылдық сөзге бола, аги-гай.

Қайырмасы:
Аги-аги-аги-гай,
Аги, қалқаш, Қазиза-ай.

Бір қамшым бар қолымда бұйра сапты-ай,
Сол қамшым бұйра сапты жұртта қапты, аги-гай.
Қыл өтпес арамыздан тату едік,
Қызыл тіл арадағы бұра сапты, аги-гай.

Қайырмасы:
Аги-аги-аги-гай,
Аги, қалқаш, Қазиза-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аги, қалқаш, Қазиза-ай өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Аги, қалқаш, Қазиза-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аги, қалқаш, Қазиза-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аги, қалқаш, Қазиза-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері