Кім не туралы айтады? – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Кім не туралы айтады?» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1424
Дана ақылын айтады,
Сөздің асылын айтады.
Батыр батырып айтады,
Ашуын шақырып айтады.
Диқан егінін айтады,
Жиған өнімін айтады.
Бала ойынын айтады,
Сотқар сойылын айтады.
Жалқау жатқанын айтады,
Ұйқыға батқанын айтады.
Малшы баққанын айтады,
Аңшы қақпанын айтады.
Ұры ұрлығын айтады,
Түнгі тірлігін айтады.
Жаман жегенін айтады,
Маман керегін айтады.
Жақсы тергенін айтады,
Өсіп-өнгенін айтады.
Байлар жиғанын айтады,
Молда иманын айтады.
Адал шындығын айтады,
Арам қулығын айтады.
Қатын өсегін айтады,
Жатын төсегін айтады.
Әркім көргенін айтады,
Қолынан келгенін айтады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кім не туралы айтады? өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Кім не туралы айтады? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кім не туралы айтады? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кім не туралы айтады? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері