Батыр баба Саңырық – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Батыр баба Саңырық» атты Абдрахман Асылбек жазған ерлік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1276
Әнін жазған Рамазан Тайманов

Саңырық – баға жетпес батыр бабам,
Алқакөл сұламада лапылдаған.
Жайратып жауларыңды, қорғап қалған,
Жайқалып бұл күндері жатыр далам.
Жебеңмен жер қаптырып қалмақтарды,
Атағың мергендікпен ардақталды.
Саңырық, Саңырық деп сан ғасырлар,
Тарихта атың сенің ән боп қалды.

Қайырмасы:
Тарихым қайта танылып,
Жарық күн қайта жағылып,
Жалынды жырға айналдың,
Бабамыз батыр Саңырық.

Елім деп ер боп туған батыр жандар,
Жауына жай оғындай атылғандар.
Қалтқысыз қалқаны деп қазағымның,
Сендерді мадақтайды ақын жандар.
Кең байтақ жерімізді қорғап қалған,
Сасыз ер Саңырықтай саңлақ болған.
Мәңгілік ұмытпайды ұрпақтары,
Уақыт озған сайын ардақталған.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Батыр баба Саңырық өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Батыр баба Саңырық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Батыр баба Саңырық өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ерлік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Батыр баба Саңырық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері