Жанашырым – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жанашырым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4834
Өзіңсің – анашым да жанашырым,
Көзімде күлімдеген қарашығым.
Өмірде не жақсылық жасар болсам,
Бір саған арналады бар асылым.
Кірбелең баспасын деп қабағымды,
Бағасың жаудыраған жанарымды.
Қалтқысыз қадағалап отырасың,
Ішсін деп мезгілімен тамағымды.
Тексеріп киімнің де тазалығын,
Ескеріп күйімнің да мазалығын,
Әр басқан қадамымды қадағалап,
Өзіңе таптырмайсың мазаны бір.
Бойымның артуы үшін қуаттығы,
Ойымның шалқуы үшін шуақтығы,
Түнде де кірпік қақпай бақылайсың,
Уылжып ұйықтасын деп уақтылы.
Тосыннан тұмауратып анда-санда,
Ауырып, төсек тартып қалмасам да,
Белгісіз күйге түсіп, бәйек болып,
Тілейсің саулығымды әрқашан да.
Осы ғой шалқытатын шабытымды,
Осы ғой анықтайтын бағытымды.
Тауып шын өзіңменен бақытымды,
Ән мен жыр жүрегімнен ағытылды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанашырым өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жанашырым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жанашырым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жанашырым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері