Түсіме көр кіресің – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Түсіме көр кіресің» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1697
Жаным-ау, түсіме сен көп кіресің,
Ерекше сыңғыр қағып, көп күлесің.
Алыстан алаулаған арманым-ай,
Қаншама қиялдаған өтті кешім?
Жаным-ау, түсіме сен көп кіресің,
Ерніңді ерке желге өптіресің.
Сарғайып сағыныштың саздарымен,
Қызықты күндеріме кетті үлесім.
Жаным-ау, түсіме сен көп кіресің,
Махаббат мұңлы күйін шерттіресің.
Аққулар айдын көлде гәккулесе,
Лүпілі жүрегімнің деп білерсің.
Баянды бақытымның белгісі ме?
Сағынтып көп кіресің сен түсіме.
Ояна келсем, жаным, жоқ боласың,
Алмаймын бұл жұмбаққа мен түсіне.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түсіме көр кіресің өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Түсіме көр кіресің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түсіме көр кіресің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түсіме көр кіресің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері