Адам туралы жыр

Бұл бетте «Адам туралы жыр» атты Абдрахман Асылбек жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1658
Сен шын адам екенсің –
Болаттан да бекемсің.
Шындықпенен өрілген
Шетілмейтін шетенсің.
Сен адамсың – алыпсың,
Бар әлемге жарықсың.
Қайтпайтұғын сертінен,
Екі айтпайтын қалыпсың.
Сен адамсың – ұлысың,
Сапалардың нұрысың,
Таңғажайып табысты
Бірісіңнен бір ісің.
Сен адамсың асқарсың,
Жаудың жүзін жасқарсың.
Қалың елді қашанда
Бақытына бастарсың.
Сен адамсың – адалсың,
Ар-ожданың – әміршің.
Көсегеңді көгерткен
Ақыл, кеңес, әділ сын.
Сен адамсың ерек тым,
Келеді елді тең еткің.
Бар адамды бақытқа
Келеді тез кенелткің.
Сен шын адам екенсің –
Болаттан да бекемсің.
Шындықпенен өрілген
Шетілмейтін шетенсің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адам туралы жыр өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Адам туралы жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адам туралы жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Адам туралы жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері