Жақсылығы шексіз Жаратқан – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Жақсылығы шексіз Жаратқан» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жақсылығы шексіз Жаратқан, бар болса күнәм, кешіргін,
Жанына жара салғам жоқ, жарлы мен жетім-жесірдің.
Аттаған жерім тағы жоқ, ешкімнің ала жібінен,
Ақ адал маңдай теріммен өрендерімді өсірдім.
Жомарттығы шексіз Жаратқан, бергеніңе шүкірлік,
Қанағат еттім аз, көпке жасаған жоқпын күпірлік.
Жақсылық күттім өзіңнен, өзгеше сенім сезіммен,
Жоғымды беріп жарылқап, жартымды жүрсің бүтін ғып.
Шапағаты шексіз Жаратқан, көрсеткеніңе құлшылық,
Оңымнан дәйім Ай туып, көгімнен күлді Күн шығып.
Өркенімді өсіріп, кеңейттің өріс, төрімді,
Жапанда өскен мен едім, жапырақсыз бір шыбық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері