Бір ақынды бір ақын – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бір ақынды бір ақын» атты Абдрахман Асылбек жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1557
Бір ақынды бір ақын
Қайталаса – өлгені.
Өлмес өмір мұратын
Өз қолымен көмгені.
Өзге түгіл өзіңді
Қайталауға бола ма?
Онда, алтын сөзіңді
Айналдырдың қолаға.
Нағыз ақын жырлайды
Тоқсан толғап, мың бұрап.
Сұлу сөзі сырнайлы
Сайрап тұрар сыңғырап.
Болмақ емес басқаша
Ақын айтқан ишара.
Біреуге ұқсай бастаса,
Барып тұрған бишара.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір ақынды бір ақын өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бір ақынды бір ақын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір ақынды бір ақын өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бір ақынды бір ақын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері