Тойда

Бұл бетте «Тойда» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1354
Бәріміз бір тойда болдық,
Бәріміз бір ойда болдық:
Бақыт тілеп жұбайларға,
Балқыған бір бойда болдық.
Шалқып жатты шарап деген
Шарпып жатты канатты өлең.
Бір жігіттің бауырында
Сен отырдың қарап төмен.
Ай мен күнді балап саған,
Меп отырдым қарап саған.
Бірте-бірте тәнге тарап,
Жел беріпті шарап маған.
Ұяңдығым ұмытылды,
Елемедім жігітіңді.
Батыл барып билеп кеттім,
Жалау етіп үмітімді.
Көп биледім сол күні мен
Әсем вальс толқынымен.
Есің шығып кетті білем
Емен еден солқылымен.
Шарапты да еселедік,
Шалқып бимен есе бердік.
Өзге мұңын ойламаған,
Не деген біз есер едік?
Бір түнді артық бағалаппыз,
Басқаларға қарамаппыз.
Екеуіміз екі жанның
От жүрегін жаралаппыз.
Бәріміз бір тойда болдық,
Балқыған бір бойда болдық.
Бірақ, кейін төртеуіміз
Төрт бөлінген ойда болдық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тойда өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тойда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тойда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тойда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері