Жер – ана – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жер – ана» атты Абдрахман Асылбек жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2813
Жаралғалы Жер-ана зыр айналып ғаламды,
Арқасына қондырып, аялаған адамды.
Адам – жердің етене сүйеніші, тынысы,
Мәпелеген перзенті, былайынша, дұрысы.
Әсте ана баласын жаман болсын дер ме екен?
Сол секілді адамды аялайды Жер-мекен
Күн көзінен нәр алып, өмір қорын жинайды,
Жинайды да барлығын перзентіне сыйлайды.
Ұлылығын сыйлайды, мендей ұлы болсын деп,
Жылылығын сыйлайды мендей жылы болсын деп.
Ұсынады кеңдігін кең болсын деп өзімдей,
Ұсынады сәулесін болсын деп күн көзіндей.
Кеудесінде бұлақтай туласын деп бір ағын,
Ұсынады тынымсыз сылдыраған бұлағын.
Самалымнан әуезді үйренсін деп жан әнін,
Ұсынады таңменен желпіп өткен самалын
Ойларының ормандай қалап қалың болғанын,
Ұсынады ұйысқан ну қарағай орманын.
Ұсынады көктемді ұқсасын деп өмірі,
Ұсынады жаз нұрын шат болсын деп көңілі.
Күз айының сыйлайды жомарттығын, мәрттігін,
Ал, қысының кимайды қаталдығын, қарттығын.
Ұқсасын деп осыған адалдығың, пәктігің,
Ұсынады тек қана ақша қардай ақтығын.
Осылайша Жер-ана зыр айналып ғаламды,
Арқасына қондырып, аялайды адамды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жер – ана өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жер – ана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жер – ана өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жер – ана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері