Туған жер көктемі – Бақытжан Тобаяқов

Бұл бетте «Туған жер көктемі» атты Бақытжан Тобаяқов жазған туған жер туралы өлең берілген.

Туған жердің арайлы көктеміне,
Жер жетпейді көкорай көк беліне.
Ризамын Тәңірге бақыт беріп,
Жастық шақтың қызықты өткеніне.

Қайырмасы:
Жасыл жерлерімді,
Белес белдерімді,
Айдын көлдерімді
Өпкен желдерімді.
Дархан елдерімді
Асыл ерлерімді,
Арман аққуындай,
Ардақ бақ ғұмырдай
Туған жерді сағынамын.
Бір өзіңсің табынарым.
Туған елді сағынамын,
Қастарыңнан табыламын.

Бүршік жарып шиесі бүрленгендей,
Гүліменен қыр, дала түрленгендей,
Базарлымын, бақтымын туған жерде,
Бар ма бұл сәт ғұмырды сүрген мендей.

Қайырмасы

Әр адамға жақсылық бұйырғандай,
Жер бетінде жамандық тиылғандай.
Туған жерде өзіңді сезінесің,
Көк төрінде жұмақтың жүрген жандай.

Қайырмасы


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері