Емен – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Емен» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1509
Арпалысып, алысып,
Күзгі желмен гулеген,
Қасарысып, қарысып,
Жапан түзде тұрды емен.
Қатал тағдыр көнді ме,
Көрсетем деп күшімді.
Түнере кеп төнді де,
Жапырағын ұшырды.
Қалды жалғыз сұр бұтақ,
Гүл желегі төгіліп.
Қайғы тартып тұр жұтап,
Емен сорлы егіліп.
Көре алмайсың басынан
Бұлбұл түгіл торғайды.
Өтсе де ұшып қасынан,
Бөгелмейді, қонбайды...
Егілме, емен, егілме,
Күз де, қыс та жоғалар.
Күз күлімдеп көгінде,
Көктем қайта оралар.
Құшағыңа толтырып,
Құшақ-құшақ гүл төгер.
Бұтағыңда отырып,
Бұлбұл сонда күй төгер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Емен өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Емен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Емен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Емен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері