Жақсылыққа барғаның – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жақсылыққа барғаның» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4732
Жақсылыққа барғаның –
Жалын атып жанғаның.
Жақын тұтып жатты да,
Құшағыңа алғаның.
Жамандыққа барғаның –
Бықсық атып жанғаның.
Жақынды да жаратпай,
Тыжырына қалғаның.
Жаса мейлің адамдық,
Жаса мейлің жамандық, –
Бәрі алдыңнан шығады,
Көңіліңді алаң қып.
Арамдықтан кетілдім,
Адамдықтан жетілдім
Жан біткенге жақсылық
Жасамаққа бекіндім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жақсылыққа барғаның өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жақсылыққа барғаның өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жақсылыққа барғаның өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жақсылыққа барғаның өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері